Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Шетел тілдері» факультетіндегі бас қосу

«Шетел тілдері» факультетіндегі бас қосу

18 қазанда «Шетел тілдері» факультетінде университет ректоры, проректорлар мен білім беру департаменті өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген Ғылыми Кеңес отырысы өтті. Отырыс барысында факультет деканы Досым Байдрахманов факультеттің 2016-2017 оқу жылында атқарған жұмыстары мен жетістіктері жөнінде баяндама оқыды және 2017-2018 оқу жылына арналған стратегиялық даму жоспарымен таныстырды. Университет ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков факультеттің артықшылықтары мен кемшіліктеріне шолу жасап, ұсыныстар білдірді. Отырыс соңында факультет басшылығы мен факультеттің профессор-оқытушылар құрамы атқарып жатқан жұмыстарға сәттілік тіледі.