Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов Университеті: театрмен рухани байланыс

Жұбанов Университеті: театрмен рухани байланыс

Қазіргідей ақпараттың қарыштап дамыған заманында, рухани орта, рухани азықтың кез келген адам үшін қажет екені сөзсіз.  Уақыт тапшы. Адамдардың бір-бірімен кеңінен отырып әңгімелесуге де,  бұрынғыдай том-том кітап оқуға уақыты жоқ екендігі шындық.

Сондықтан да театрға келген көрерменнің көп нәрсе ұтатыны анық. Университетімізде білім алатын жастарымызды қаламыздағы театрға барып, жан дүниесін дамытып, көзқарасын кеңейтсін деген мақсатпен Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында өтетін қойылымдардың афишасын сайтымызда жариялап отыруды жөн көрдік. Сондай-ақ, Университетте өтетін іс-шараларға белсене атсалысып, «Ақтөбе университеті» газеті мен arsu.kz сайтында мақалаларын жиі жариялаған студенттерге театрға билет тегін беріледі.