Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Новый орта мектебінде университеттің кафедра филиалдары ашылды

Новый орта мектебінде университеттің кафедра филиалдары ашылды

2017 жылдың 19 қазан күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Новый орта мектебі арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Новый орта мектебі базасынан университеттің «Қазақ әдебиеті», «Педагогика, психология және бастауышта оқыту», «Жаратылыстану бағыты» кафедралар филиалдары ашылды. Жиынға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің өкілдері «Үздіксіз білім беру институтының» директоры — п.ғ.к., Г.А.Такишева, кафедра меңгерушілері және «Қосымша білім беру» орталығының әдіскері Ж.С.Келбетова, сонымен бірге «Назарбаев Зияткерлік мектебі» «Педагогикалық шеберлік орталығының» директоры Т.А.Акимова қатысты.

Бұл келіссөз негізінде болашақта дуалды білім беру жүйесіне сай зертханалық-тәжірибелік сабақтарды осы мектеп базасында ұйымдастыру жоспарлануда, ағылшын тілінде оқытылатын «Филология» мамандығының 1 курс магистранты Нарқозы Қартжан мектеп базасында вариативтік компонент сағаттарын жүргізуге мүмкіндік алып отыр.

Бүгінгі таңда біздің университетіміздің 8 бірдей түлегі Новый орта мектебінде педагог қызметін атқарып жүргендігін «Педагогикалық шеберлік орталығының» директоры Т.А.Акимова ерекше атап өтті.

Жиын барысында біздің университеттің үздік бітірген қос түлегі сөз кезегінде өздері тәмамдаған оқу орнындағы ұстаздарына алғысын білдірді.

Жиын соңы мектеп мұғалімдері мен оқушылар әзірлеген қысқаша салтанатты шарамен аяқталды.