Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Халықаралық байланыс > Құрметке лайықты ұстазды құттықтау кеші

Құрметке лайықты ұстазды құттықтау кеші

2017 жылдың 20 қазанында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Педагогика факультетінде факультет кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Салтанатты жиынға университет басшылығы өкілдері, педагогика факультетінің деканы Жанна Жүсіпова, факультет ұжымы қатысты.

Басқосу педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Светлана Ермекбайқызының құрметті демалысқа шыққан мерейтойына орай ұйымдастырылды. Университетте 30 жылдан астам уақыт қызмет атқарып, осы уақыт аралығында қаншама шәкіртті тәрбиелеп, ұжымда абыройлы, педагогика саласында еңбегі сіңген Светлана Ермекбайқызын жиналғандар ерекше ықыласпен құттықтады.  Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасының меңгерушісі Клара Төребаева жиын барысында Светлана Досжанова Ермекбайқызының кысқаша өмірбаянына тоқталып, ол кісінің білім және ғылым саласына сіңірген еңбектерін атап өтті.

Университет басшылығы атынан физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Константин Цхай мен әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті директоры Жайнагүл Қартбаева Светлана Ермекбайқызын құрмет демалысымен құттықтап, құрметпен гүл шоқтарын ұсынды. Кәсіподақ ұйымы атынан Гүлнұр Зарлықова Светлана Ермекбайқызына шипажайға жолдама берді.

Сондай-ақ, факультет оқытушылары мен әріптестері де қуаныш иесіне арнаған ақ тілектерін жолдады.