Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Білім > Профессор Жанат Әскербекқызы студенттерге дәріс оқыды

Профессор Жанат Әскербекқызы студенттерге дәріс оқыды

Ішкі академиялық ұтқырлық аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Аймұхамбет Жанат Әскербекқызы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің филология факультеті студенттеріне «Әдебиет теориясы», «Тарихи поэтика» пәндерінен дәріс оқуда. Әдебиет теориясы, өлеңтану, мифопоэтика мәселелерін зерттеумен айналысып жүрген ғалымның дәрістері терең теориялық мазмұндылығымен ерекшеленеді.

Сонымен қатар Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Ж.Ә.Аймұхамбеттің шығармашылығымен таныстыру мақсатында қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер мен магистранттарға арналған поэзия кеші өткізіледі.