Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қала мектептерінде кафедра филиалдары ашылды

Қала мектептерінде кафедра филиалдары ашылды

2017 жылғы 23 қазанда Болашақ мамандарды тәжірибелік-бағыттаушылық  даярлау аясында қаламыздың  төрт мектебінде орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының филиалдары ашылды.

Үздіксіз білім беру институтының директоры, пед.ғ.к. Г.А.Такишева және филология факультетінің деканы, филол.ғ.д. К.К.Садирова, Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының меңгерушісі, филол.ғ.к. А.Б.Жуминова,  пед.ғ.к. В.Ж.Исламгалиева, кафедра оқытушылары (пед.ғ.к. Н.Р.Халимуллина, пед.ғ.к. Т.М.Артыкова, пед.ғ.к. Г.У.Утельбаева, филол.ғ.к. Г.И.Унгарбаева), филология факультетінің студенттерінен құралған делегацияны №17, №51 мектеп-гимназиялар және №30, №16 орта мектептерінің басшылығы мен мұғалімдері жылы қарсы алып, әріптесе жұмыс жасау идеясына қолдау білдірді.

Филиалдардың басты міндеті – студенттер мен жас мамандарды өздерінің кәсіби қызметіне тез  бейімделуіне жағдай жасау. Алдағы уақытта филиалдар базасында университет оқытушылары мен студенттерінің мектеп мұғалімдері мен оқушыларының біріге отырып жұмыс жасап, лингводидактика саласында зерттеулер жүргізіп, орыс және шет тілдерін оқыту процесіне білім беру инновацияларын енгізуге және жасап шығаруға бағытталған  жобалау қызметін жүзеге асыру жоспарлануда.