Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Жанат әлемі» атты бенефис ашық сұхбат өткізілді

«Жанат әлемі» атты бенефис ашық сұхбат өткізілді

2017 жылғы 23 қазанда С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Қаламгер» әдеби қонақжайында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын, филология ғылымдарының докторы Жанат Әскербекқызымен  «Жанат әлемі» атты бенефис ашық сұхбаты өткізілді. Кешті жергілікті ақын Бауыржан Бабажанұлы жүргізді. Кеште өңіріміздің танымал ақыны Ертай Ашықбаев сөз сөйлеп, Жанаттың поэзиялық ерекшеліктері, ғылым жолындағы жетістіктеріне тоқталып баяндама жасады.

Кешке Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті филология факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. Ақындық пен ғылымды қатар ұстаған Жанат Әскербекқызының өмірлік философиясын, тұлғалық даралығын танытқан бұл сұхбаттың өскелең ұрпаққа берер өнегесі мол, тағылымы терең болды.