Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Маңызы зор басқосу

Маңызы зор басқосу

2017 жылдың 24 қазан күні университеттің «Құдайберген Жұбанов» атындағы конференц-залында облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов,  облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы, сәулетші Ербол Кенжалы, сәулет және қала құрылысы басқармасы бөлімінің басшысы Ербол Мұхамеджанмен  Кәсіби-шығармашылық факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен дизайн мамандығының студенттері кездесу өткізді.

Кездесу барысында Серік Төлеуғалиұлы қаламызда жаңадан бой көтеріп жатқан ғимараттарға шолу жасап, олардың дизайнына тоқталып, слайд арқылы студенттерге таныстырды. Студенттер келген қонақтарға сұрақтар қойып, жеке ғимараттар мен көшедегі жарнама дизайнына орай ұсыныстарын жеткізді. Сәулетші мамандар студенттердің ұсыныстарын ескеріп, сұрақтарына толыққанды жауап берді. Келген қонақтар тарапынан да ұсыныс түсті. Олар дизайн кафедрасының бірнеше оқытушылары мен студенттерін қала құрылысына байланысты кеңеске мүше болуға шақырды.

Студенттер үшін бұл кездесудің маңыздылығы зор болды. Жастар білікті мамандардың тәжірибесінен білімдерін жетілдіруге орай көптеген мәліметтер жинақтады.