Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттердің есебі тыңдалды

Студенттердің есебі тыңдалды

Жақын күндері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Кәсіби-шығармашылық факультетінің «Бейнелеу өнері және сызу», «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтарының студенттері қаламыздағы № 21, №27, № 40, №30 орта мектептеріне және Ақтөбе облысының аймақтарына кәсіби педагогикалық практикаға жіберілген болатын.

Соған сәйкес Кәсіби-шығармашылық факультетінде кәсіби педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы өтті.

Конференцияда практикаға жіберілген факультет студенттерінің есептері талқыланды.

Аталмыш кәсіби педагогикалық практикаға факультеттің аға оқытушысы, магистр А.Ш.Жиенбаев және оқытушы, магистр Г.Б.Кемалова жетекшілік етті.

Шараға факультеттің Бейнелеу өнері және сызу, Дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттері мен факультеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Практика нәтижесінде бағдарламаға сай тақырып көлемінде жан-жақты ізденушілігімен, сабақтарын қазіргі талапқа сәйкес сапалы өткізген және өз біліктілігін кәсіби деңгейде көрсете білген 4 курс студенті Абдулла Әлібиге №21 үш тілде оқытатын мектеп-гимназиясына мектеп басшылығы тарапынан жұмысқа ұсыныс жасалды. Сондай-ақ, №40 орта мектепте практикадан өткен студенттерге кәсіби деңгейлерін жоғары дәрежеде көрсете білгені үшін мектеп директорының Мақтау қағаздарымен марапатталды.

Жиын барысында факультет деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сабыржан Мұхтаров сөз сөйлеп, кәсіби шығармашылық деңгейімен көзге түскен студенттерді марапаттады.