Четверг, Март 28, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Облысымыздың екі жүз үздік және талантты мектеп түлегі Жұбанов университетіне шақырылды

Облысымыздың екі жүз үздік және талантты мектеп түлегі Жұбанов университетіне шақырылды

2017 жылдың 12 маусымында Ақтөбе облысының 200 үздік және талантты мектеп бітіруші түлектері облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қабылдауында болды. Олар республикалық және халықаралық олимпиада жүлдегерлері, спорттық жарыстардың және шығармашылық байқау, фестивалдердің жеңімпаздары.

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ректоры Б.Ердембеков түлектерге ізгі тілегін жолдай отырып, болашағынан зор үміт күттіретін өңір жастарының жарқын болашағына зор мүмкіндіктер туғызу мақсатында оларға шақыру хатын жолдап, қара шаңырақта білім алуға шақырды. Хатта егер Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-ге оқуға қабылданатын болса, үздік және талантты түлектерге Қ.Жұбанов атындағы стипендия, ағылшын және қытай тілдерінде тегін оқу, университеттің ғылыми орталықтарында тәжірибеден өту, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдерде тәжірибе жинақтау сияқты мүмкіндіктер қарастырылғандығы жазылған.