Пятница, Май 29, 2020
Басты > Жаңалықтар > Университетте жаңа тігін шеберханасы ашылды

Университетте жаңа тігін шеберханасы ашылды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Инновациялық технологиялар паркінде Бейнелеу өнері және кәсіптік оқыту кафедрасына қарасты жаңа тігін оқу шеберханасы ашылды. Тігін оқу шеберханасында білікті кәсіби жас мамандар жұмыс жасайды. Сондай-ақ, тігін оқу шеберханасы заманауи тігін машиналарымен жабдықталған.

Аталмыш шеберханада «Кәсіптік оқыту» мамандығының студенттері өздерінің шығармашылық жобаларын практика жүзінде іске асырады.