Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Ғибрат» ғылыми қоғамының кезекті отырысы

«Ғибрат» ғылыми қоғамының кезекті отырысы

Филология факультеті студенттерінің «Ғибрат» ғылыми қоғамының кезекті еркін форматтағы ашық отырысы өтті. Шараға арнайы Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын, ғалым-ұстаз Жанат Әскербекқызы Айтмұхамбет, ғылым магистрі, Цинхуа университетінің докторанты Берікхан Ісбекұлы қатысты. Сондай-ақ, филологтар мен мектеп оқушылары да қатысты.

«Үздік студент» номинациясының иегері Б.Жеңісова « Ғибрат» ғылыми қоғамының жұмысы мен ондағы студенттердің ғылыми-теориялық, практикалық конференция, семинар, семинар-тренинг, жазғы мектеп оқулары, ғылым апталығы, өзге де оқу орындарымен ғылыми байланыстары, нәтижелері туралы баяндап, слайд арқылы таныстырды.

Шарада студенттер мен қатысушылар еркін тақырыпта әңгіме өрбітіп, келген қонақтарға жолдады. Цинхуа университетінің докторанты Берікхан Ісбекұлы өзінің қалай студент атанғаны, сол мезеттегі қуанышын, білім мен ғылым жолындағы тәлімгерлерін, оқытушыларын ерекше ықыласпен әңгімелеп, білім-ғылымның тиянақтылық пен ұқыптылықты талап ететіндігін тілге тиек етті.

Жиында студенттерге арналған ғылыми жобалар, оның түрлері, тіл меңгеру мен үйренуге ықылас таныту барысы қамтылды. Ұстаз-ғалым, ақын Жанат Әскербекқызы, өсіп-өнген ортасы, ата-анасы, ерекше есте қалған сәттерін, жоғары білім алған оқу ордасы, ғылыми орта, ұстаздарын тебірене айтты. Көпшілік тараптан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлерді де толықтырып отырды.

Аталмыш шара соңында жиынға қатысушылар естелік суретке түсті.