Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Алаштың 100 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция

Алаштың 100 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция

2017 жылдың 26 қазан күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемелекеттік университетінде Облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлестікте Алаш партиясының және автономиясының құрылуының  100 жылдығына арналған «Алаш қозғалысы: тарихы, зерттелуі және жаңа ізденістер» тақырыбындағы республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Конференцияны өткізуге университеттің тарих факультетінің Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасы атсалысты.

Аталмыш конференцияны университеттің ғылыми-инновациялық жұмыстар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров жүргізді.

Алдымен конференцияны Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бастығының орынбасары кіріспе сөзімен ашып,  Облыс әкімінің құттықтау сөзін жеткізді. Конференцияға Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің жинақтау және құжаттама басқармасының бас сарапшысы, т.ғ.к. Ә.Т.Сүлейменова,  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. А.Қ.Мектеп-тегі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Археология және этнология кафедрасының доценті, т.ғ.к. Қ.Қ.Сәрсембина, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Н.Қ.Оташева сынды ғалымдар келді.

Сондай-ақ, жиында университет ғалымдары А.Айталы,  Н.А.Абдуллаев, Ұ.Ш.Исмағұлов, Ү.Қ.Сәрсембин, облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Б.Б.Мырзабай баяндамалар жасады.

Баяндамаларда Алаш қозғалысының, Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамы алдындағы тарихи орны, еліне сіңірген еңбектері жан-жақты айтылды. Конференция соңы секциялармен жалғасын тапты.