Четверг, Сентябрь 19, 2019
Басты > Білім > Жалпыуниверситетішілік әдістемелік семинар өтті

Жалпыуниверситетішілік әдістемелік семинар өтті

2017 жылдың 27 қазанында Педагогика факультетінде «Мектепке дейінгі және арнаулы білім» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім бағдарламасына көшу жағдайында ЖОО-да үш тілді маман дайындау: өзекті мәселелері мен тәжірибесі»  тақырыбындағы жалпыуниверситетішілік әдістемелік семинар өтті.

Әдістемелік семинар жұмысында «Жоғары білім беру жүйесіндегі көптілділікті енгізу моделі: нормативтік жаюдықталуы, басымдықтары» тақырыпта жасаған баяндамасында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, доцент  Б.С. Абенова университеттегі көптілді оқыту жүйесіне енген мамандықтардың оқу процесін ұйымдастыруда негізге алынатын нормативтік құжаттармен таныстырып, жұмыс жасау ережелері мен талаптарын меңгерту қажеттігін атап көрсетті.

 

Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасының меңгерушісі, профессор К.Ж. Төребаева «ЖОО-дағы білім берудің жаңартылған мазмұны: инновация және интеграция» тақырыбында баяндама жасап, жаңартылған білім мазмұнын енгізудің өзектілігі мен ЖОО-да маман дайындаудағы жаңашылдықтардың маңыздылығын баяндады.

Кафедра доценті С.Е. Досжанова «Разработка модульных образовательных  программа ВУЗа в условиях перехода на полиязычное образование» тақырыбындағы баяндамасында көптілді білім жүйесіне енген 5В010500 – Дефектология мамандығының модульдік білім беру бағдарламасы құрылымымен таныстырды.

Семинар барысында  педагогика магистрі М.Р. Балтымова арнаулы білім беру ұйымдарындағы жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайы мен ерекшеліктері туралы баяндады.

Семинар жұмысына қатысушылар өзара пікір алмасып, ой бөлісті. Қорытындысында, Педагогика факультетінің деканы, доцент Ж.А. Жусупова қабылданған ұсыныстармен таныстырды. Семинар жас маман Н.Е Бозғұланованың ағылшын тілінде жүргізген рефлексиясымен аяқталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.