Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының семинары

Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының семинары

Жуырда Университеттің  филология факультетінде Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы Үздіксіз білім беру институтының біліктілікті арттыру ортылығымен бірлесіп, «Жаңартылған білім мазмұны аясында критериалды бағалауды іске асырудың тәжірибесі» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты – жаңартылған білім мазмұны аясында оқушының критериялды бағалауға оқытудың тиімді тәсілдері мен ерекшеліктерін саралау, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері мен ЖОО оқытушыларының өзара тәжірибе алмасуы, филолог студенттерді педагогикалық практикаға даярлау.

Семинарға  Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-дің профессор-оқытушылары, кафедраның базалық мектептері мен мектеп-филиалдарының мұғалімдері және факультеттің 4-курс студенттері қатысты. Семинар барысында Пед.ғ.к., доцент З.Ұ.Имжарова, пед.ғ.к, доцент  Н.Р.Халимуллина мазмұнды баяндама жасап, студенттерді педагогикалық практикаға даярлау барысында критериалды бағалауды қолданудың ерекшеліктерін, оқыту процесіне критериалды бағалауды енгізудің  маңызды мәселелеріне тоқталды. Семинарда  №17 орта  мектептің жоғары дәрежелі мұғалімі  Л.Н.Хабарова,  № 16 орта мектептің жоғары категориялы мұғалімі М.В.Киянова, №51 мектеп-гимназиясының І категориялы мұғалімі А.С.Қартбаева, №30 орта мектептің 2 категриялы мұғалімі Н.Б.Казыбаева баяндама жасап, белсенділік танытты.

Кездесуде мектеп филиалдардан шақырылған мұғалімдер  педагогикалық қызметтегі тәжірибелерімен бөлісіп, формативті және суммативті  бағалау бойынша нақты мысалдар келтірді және  оқушылардың критериалды бағалау жүйелеріне тоқталды. Олардың мазмұнды баяндамалары педагогикалық практикаға жіберілетін студенттердің дайындығына оң ықпалын тигізді. Семинар соңында қатысушылар сертификаттарға ие болды.