Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жастар саясаты > Академиялық ұтқырлық және мәдени байланыс

Академиялық ұтқырлық және мәдени байланыс

Жуырда Вильнюс қаласындағы «Vytautas Magnus» университетінде халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып жатқан университетіміздің «Физика» мамандығының студенті Маржангүл Жақсылықова Каунас қаласында (Литва) «Бізді байланыстырған ән» фестиваліне қатысты. Фестивальге орыс, литва, поляк, белорус, украин, грузин, қазақ вокал және би топтары қатысты. Байқаудағы барлық ұлт өкілдері ұлттық тағамдар мен шығармашылық нөмірлерін көрсетті.

Сондай-ақ фестивальге қатысушылар ұлттық аспаптарда ойнап, ән шырқады және би биледі. Қазақ ұлттық костюмін киген Маржангүл  қонақтарға ыстық бауырсақ және қазақ шоколадын ұсынды. Сонымен қатар, студентіміз Ақтөбе қаласы туралы шағын кітапшалар арқылы туған қаланың сұлулығын көрсетті. Домбырамен Құрманғазы Сағырбайұлының танымал «Адай», «Балапан Қаз» күйлерін орындады.  Шара барысында өзге ұлт өкілдері қазақстандық студенттің көрсетілімі мен ұлттық костюміне қызығушылық танытты.