Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > Біздің студент – 2017 жылдың үздік студенті

Біздің студент – 2017 жылдың үздік студенті

2017 жылдың 26 қазанында Алматы қаласында «2017 жылдың үздік студенттері» байқауының жеңімпаздарына арналған «Таланттар жәрмеңкесі» гала-шара өткен болатын.

Сол шарада Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің «Математика» мамандығы бойынша Али Азамат «2017 жылдың үздік студенті» атағына ие болды. Байқау екі кезеңде өтті: бірінші кезең — сауалнама, екінші кезең — эссе. Байқаудың қорытындысы бойынша 2000 қатысушыдан 127 үздік студент таңдалды.

Марапаттау рәсімінен кейін жеңімпаздар үшін танымал спикерлерден «Өзін өзі таныстыру», «Бақытты білім беру», «Өз жобаларын құру және жүзеге асыру» тақырыптарында шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, таланттар жәрмеңкесі аясында Ernst & Young, Procter & Gamble, Mars Kazakhstan, KMPG, BCC Invest, Air Astana және көптеген ірі компаниялармен жедел сұхбат жүргізілді, сонымен қатар, компаниялар ақылы  тағылымдама мен тәжірибе ұсынды. Шара соңында демеушілер шараға қатысушыларға сыйлықтарын ұсынды.