Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ гранты табыс етілді

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ гранты табыс етілді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылғы 20-24 маусым аралығында  қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» XIҮ  халықаралық олимпиадасының І туры   өткізілген болатын.

Шетелде тұратын қазақ диаспорасының ерекше дарынды балаларын анықтау және оларға қолдау көрсетуді көздеген олимпиаданың негізгі мақсаты — оқушылардың ана тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, мәдениеті мен өнері бойынша танымдық қабілетін дамыту, әлемнің әр елдерінде тұратын қазақ жастарының достық байланыстарына ықпал ету, еліміздің тарихына, Қазақстанның қазіргі дамуына қызығушылықтарын артыру болып табылады. Олимпиадаға Ираннан, Қытайдан, Моңғолиядан, Өзбекстан мен Ресейден қырықтан астам оқушылар қатысып, бақтарын сынады. Қ.Йасауи атындағы ХҚТУ профессоры, филол.ғ.д. Қ.Ергөбектің төрағалығымен Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, филол.ғ.д. Ж.Ә.Айтмұхамбет, Түркология орталығының ғылыми қызметкері, филол.ғ.к. А.Досымова, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ сыртай оқу факультетінің деканы, филол.ғ.д., профессор А.Ш.Пангереев, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филол.ғ.к., АӨМУ қауымдастырылған профессоры (доценті) М.Р.Балтымова қазылық жасады.

Олимпиада қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен мектеп бітіруші оқушыларға Республикамыздағы іргелі оқу орындарының білім гранттары табыс етілді. Соның ішінде Қытай халық республикасынан келген Орынбайұлы Самғарға Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ гранты табыс етілді.