Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жаратылыстану факультетінде диплом табыстау салтанаты өтті

Жаратылыстану факультетінде диплом табыстау салтанаты өтті

2017 жылдың 26 маусым күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Жаратылыстану факультетінің ұйымдастыруымен 2017 жылғы бітіруші түлектерге диплом тапсыру салтанаты өтті. Факультетті бітіруші түлектер саны 222, ал, олардың ішінде 34-і үздік диплом иегерлері атанды.

Университет ректоры, филол.ғ.д., профессор Бауыржан Аманкелдіұлы Ердембеков түлектерге сәт сапар тілей отырып, үздік дипломдарды табыстады. Университет ректоры өз сөзінде факультеттің әрбір үшінші түлегі үздік диплом алатындығын, бұл ЖОО-ның ішінде биылғы оқу жылының ен үздік көрсеткіші болып табылатындығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар жоғары білікті мамандарды дайындауда қосқан үлесі үшін оқытушыларға зор ризашылығын білдірді.

Салтанатты шарада үздік дипломды тапсыру рәсімін оқу ісі жөніндегі проректор, т.ғ.к. Абенова Бибігүл Сейілқызы жалғастырды. Сонымен қатар  дипломдарды факультет деканы, PhD докторы Махамбетов Мұрат Жарақұлы тапсырды.

Салтанатты кеш барысында ата-аналар атынан «Биология» мамандығының түлегі, университет пен факультеттің қоғамдық істеріне белсене араласқан, студенттердің ғылыми-практикалық конференцияларында бірнеше мәрте жүлделі орынға ие болған, үздік диплом иегері Өтеуова Надираның анасы Дүйсеғалиева Махаббат құттықтау тілегін білдірді, ал студенттер атынан «Биология» мамандығының түлегі, ҚР Тұңғыш Президенті тағайындаған стипендияның екі мәрте иегері Сайынова Әйгерім сөз сөйледі.

Салтанатты кешті деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Туралин Бауыржан Алпысбайұлы, кафедра меңгерушілері «Биология» кафедрасының меңгерушісі, биол.ғ.к., аға оқытушы Адманова Гүлнұр Болатқызы, «Химия» кафедрасының меңгерушісі, пед.ғ.к.  Досанова Бибігүл Бағзалбайқызы, «Экология» кафедрасының меңгерушісі, пед.ғ.к. Нұрмұханова Гүлнәр Еркінқызы мен барлық факультет ұжымы ұйымдастырды.

Кеш барысында концерттік бағдарлама, арнайы әзірленген слайдтар көрермендер назарына ұсынылды. Диплом тапсырудың салтанатты кеші «Ұстазым», «Студенттердің қоштасу әнімен» аяқталды.