Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ағылшын тіліндегі ашық сабақтар сериясы

Ағылшын тіліндегі ашық сабақтар сериясы

Университетіміздің филология факультеті орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының оқытушылары Акторгын Агисбаева, Аэлита Сагиева және Аглес Масалимова қараша айында «Құқықтану», «Педагогика және бастауыш білім әдістемесі» және «Есеп және аудит» мамандықтарының 1-курс студенттеріне ашық сабақтар сериясын өткізді. Сабақтарда оқытушылар әрбір студенттің шығармашылық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін рөлдік ойындар, диологтік оқыту, кейс-стади, өзін-өзі бағалау, ситуациялық моделдеу сияқты жаңа оқыту технологияларын қолдана отырып, студенттердің қызығушылығын арттыра түсті.

Сабақ барысында әрбір топта сабақтың ұйымдастыру кезеңіндегі эмоционалдық күй арқылы коллаборативті орта қалыптастырылды, бұл өз кезегінде, оқытудағы психологиялық жайлылық пен жайдары атмосфераның пайда болуына мүмкіндік туғызды. Студенттер оқыту процесіне белсене қатысып, сұрақтар қойып, диалогтар құрастырды. Университет қабырғасында білім алған қысқа уақыт аралығында студенттер шет тілін жоғары дәрежеде меңгергендігін көрсетті.