Пятница, Март 29, 2024
Басты > Хабарландырулар > Профессор Айслу Тасимованың жаңа оқулығы шықты

Профессор Айслу Тасимованың жаңа оқулығы шықты

13.11.2017

«Заманауи оқыту технологиясы» атты орыс тіліндегі бұл оқу құралының тұсаукесері «Жоғары білім беру жүйесіндегі оқытудың инновациялық (білімдік, ақпараттық) технологиялары» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік семинар аясында өтеді. Профессор А.Тасимова аталмыш оқулығын инновациялық технологиямен оқитын және жұмыс жасайтын университет оқытушылары мен мектеп мұғалімдеріне, сонымен қатар студенттерге, магистранттарға арнап отыр.

Өтетін орны:  Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік  университеті, бас ғимарат, 4 қабат, конференц-зал.

Басталатын уақыты:  сағат 14:00