Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > Шетел тілдері факультетіндегі Хэллоуин пати

Шетел тілдері факультетіндегі Хэллоуин пати

Шетел тілдері факультетінде  «Nothing can stop us!» (Бізді ештеңе тоқтата алмайды!) атты клубтың ашылуы  «Хэллоуин» мерекесіне орайластырылды. Мақсат- болашақ шет тілі мамандарының халықаралық мәдениеттен хабардар болуларына мүмкіндік беру.

Концерттік бағдарлама харизматикалық Джокердің Кеш иесінен мерекені ұрлауымен басталды. Бұл сценалық қойылым  көрермендердің, тіпті қазылардың да «зәресін» алды. Айнала Хэллоуиннің қорқынышты атмосферасына енді. Психотриялық клиника медбикелері, жаңа құрбандарды іздеп жүрген вампирлер, маньяктың қолына түскен оқушы қыздар, сондай-ақ аңқау жігіттерді арбауға мифтік су перілері де мерекеге келді. Кеште көңілді ойындар да өткізілді. Мерекеде жұптарға арналған байқаулар ұйымдастырылып, төрт жұп әртүрлі жарыстарда сайысқа түсті. Олар сұрақ-жауап сайысында жарысып, өз өнерлері және ерекше киім үлгілерімен бәсекеге түсті.

Мерекеге келгендер арасында да шулы ойындар мен байқаулар ұйымдастырылды.  Ешнәрседен қорықпаған қатысушыға басты сыйлық ретінде қанға боялған шыны сынықтарынан дайындалған торт ұсынылды.

Мереке апофеозы ретінде қараңғылықты күтіп тұрған квест болды. Зұлым рухтар жиналған тас қараңғы бөлмеге тек ержүрек студенттер ғана кіре алды. Осылайша Хэллоуин пати өте қызықты өтті.