Воскресенье, Декабрь 16, 2018
Басты > Жаңалықтар > Дипломдық жобалар байқауындағы алғашқы жүлде

Дипломдық жобалар байқауындағы алғашқы жүлде

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының (ҚазБСҚА) Халықаралық білім беру корпорациясы ұйымдастырған байқауда мәдениеттану ғылымдарының кандидаты, өнертану профессоры, Қазақстан Республикасының СО мүшесі Марзия Жұмашқызы Жақсығаринаның шәкірті жүлделі 3 орын иеленді. «Дизайн» — мамандығының биылғы түлегі Аманжолова Екатерина  «Графикалық дизайн» номинациясында өнердегі бағын сынады. Бұл дипломдық жобалар байқауындағы алғашқы жүлде.

Байқауға «Сәулет», «Дизайн», «Құрылыс», «Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды өндіру», «Ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар технологиясы» номинациялары бойынша да қатысуға болады. Байқаудың ресми тілдері — қазақ, орыс және ағылшын.

Байқау республикалық мәртебеге ие және ол жыл сайын күзгі семестрде қорытындыланады.

Байқаудың мақсаты — мамандарды даярлаудың сапасын арттыру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Шығармашылық мамандықтар бойынша қорытынды жұмыстарды бағалау үшін шығармашылық одақтар мен сәулет-дизайнерлік компаниялардың беделді мамандарын, жетекші практиктерді қамтитын қоғамдық референтура құрылады.

Республикалық дипломдық жобалар байқауына қатысу түлектерге өздерін көрсетуге, болашақ кәсіби қызметін бастауға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.