Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті студенттері криминалистикалық білімнен жоғары нәтиже көрсетті

Жұбанов университеті студенттері криминалистикалық білімнен жоғары нәтиже көрсетті

Болашақ құқықтанушылар, 4-курс студенттері Елена Ловрушко, Дайана Асылхан, Исламбек Максатов, Саламат Максутов, Айдана Амангельдиева  ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Республикалық жоғары оқу орындары, ҚР ІІМ арнайы оқу орындарының курсанттары және жоғары оқу орындарының заң факультеті студенттерінің арасында криминалистика пәнінен өткен зияткерлік олимпиадаға қатысып, жүлделі III орын иеленді.

Олимпиадада Ақтөбе, Алматы, Қостанай қалалары жоғары оқу орындарының бірнеше командалары сайысқа түсті. Студенттерді осы пәндік Олимпиадаға дайындаған «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы заң ғылымдарының магистрі Туремурат Бисембиев шәкірттерінің жетістіктеріне өте риза. Команда атауы да ерекше — «Биялаймен» деп аталады.