Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет оқытушылары кәсіпкерлік білім алып, ағылшын тілін үйреніп шықты

Университет оқытушылары кәсіпкерлік білім алып, ағылшын тілін үйреніп шықты

Осындай мүмкіндікті жасаған Халықаралық бизнес академиясы (ALMA university ) университеттің 27 оқытушысына кәсіпкерлік білім алғанын, 44 оқытушыға ағылшын тілі курсын Elementary, Pre-Intermediate және Intermediate деңгейлері бойынша аяқтағанын растайтын сертификаттар табыстады.

Шараны университеттің «Халықаралық ынтымақтастық» орталығы ұйымдастырды. Халықаралық бизнес академиясы Қазақстандағы нарықтық экономиканың дамуына білікті кадрлар дайындау арқылы үлес қосып келе жатқан жоғары оқу орны. Білім саласында тұрақтағанына 20 жылдан асты, ондағы «Менеджментті дамыту орталығы» өзге оқу орындарымен байланыс орнатып, педагогтарды кәсіпкерлікке бейімдеу үшін тренингтер өткізуде.