Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Әдебиетші Әлия Ұлықпанова қазақстандық ұстаздар алдында шешендік шеберлігімен бөлісті

Әдебиетші Әлия Ұлықпанова қазақстандық ұстаздар алдында шешендік шеберлігімен бөлісті

Ол «Өрлеу» БАҰО АҚ Алматы қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен «Тіл мәдениетін дамытудағы шешендік шеберліктің рөлі» тақырыбында шеберлік класын өткізді. Гуманитарлық ғылымдар магистрі Әлия Ұлықпанова шешендік өнер тақырыбын көп жылдардан бері зерттеп келеді.

Сондықтан ол үшін тіл мəдениетін дамытудағы шешендік шеберліктің орны, шешендік  қасиетті қалыптастырушы компоненттер,  мəнерлеп оқу мен оқыту туралы тақырыптар етене жақын әрі жинақталған тәжірибе мол. Әріптестері Ә.Ұлықпанываның іс-тəжірибесіне өте қызығушылық танытып, ризашылықтарын білдірді.

Ал филиалдағы «Жоғары мектепте оқыту мен əдістемесі» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының докторы Жаннат Сардарова Ұлықпанованың әдістемелік тәжірибесін мектептерде және жоғары оқу орындарында әрі қарай жүзеге асыру мүмкіндіктеріне тоқталды.