Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттер құқықтық білімдерін жетілдірді

Студенттер құқықтық білімдерін жетілдірді

Кеше «Құқықтану» мамандығының 1-курс студенттері арасында «Қазақстан Республикасында балалар құқықтары қорғалған (қорғалмаған)» тақырыбында пікірсайыс турнирі өтті.

Аталмыш турнирге орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының оқытушылары Н.У.Абдуллина, Ю.В.Хвостова, Г.У.Утельбаева, Т.В. Коробкова жетекшілік етті.

Пікірсайыс барысында студенттердің орыс тілінде сөйлеу қабілеті, дискуссия жасау, тезис құру, өз ойын еркін жеткізе білу қабілеттері сыналды.

Пікірсайысшылар балалар үйіндегі жасөспірімдер мәселелері, балалар құқығының қорғалуы туралы заңнамаларға қатысты аудио және бейнематериалдарды, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарын қолдана отырып, өз пікірлерін ортаға салды.