Понедельник, Апрель 6, 2020
Басты > Жаңалықтар > Аккредиттеу сәтті өтті

Аккредиттеу сәтті өтті

Қазақстан Республикасы Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінің 2017 жылғы 17 қарашада өткен Аккредиттеу Кеңесі университетіміздің 9 білім бағдарламасын 5 және 3 жыл мерзімге аккредиттеу туралы шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, осы жылдың 4-6 қазан аралығында аталған Агенттік тарапынан құрылған сыртқы сарапшылар тобы университетіміздің:

5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі

5В021200-Шетел филологиясы: ағылшын тілі

5В042100-Дизайн

5В090100-Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

5В090200-Туризм

5В070300-Ақпараттық жүйелер

5В070400-Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

5В070500-Математикалық және компьютерлік модельдеу

6М070300-Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламаларына мамандандырылған аккредиттеу рәсімін өткізген болатын.

Білім бағдарламаларының аккредиттелуі туралы шығарылған шешім білім беру бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сай келетіндігін, академиялық ресурстарының жеткілікті деңгейде екендігін растайды.

Университет ұжымының аккредиттеуге дайындық кезіндегі қажырлы еңбегі, ұжым мүшелерінің іс-шараларды үлкен жауапкершілікпен атқаруы және мамандық студенттерінің көрсеткен терең білімі, білім бағдарламаларының жұмыс берушілері мен түлектерінің аккредиттеу рәсімі аясында өткізілген сұхбаттасуға белсенді түрде қатысуы маңызды кезеңнен сәтті өтудің негізі болды.

Аккредиттеуден сәтті өткен барлық мамандықтар ұжымын алған белестерімен құттықтаймыз!

 

 

 

Аккредиттеу және рейтинг бөлімі