Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жастар саясаты > Ұстаздардың ерекше сый-құрметі

Ұстаздардың ерекше сый-құрметі

Кәсіби-шығармашылық факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне арнап факультет студенттеріне мағыналы сый тарту етті. «Білім ап саяңда» деп аталатын мерекелік кеште әр кезеңде студент болған оқытушылар онжылдыққа бөлініп, шәкірттеріне тілек айтып, өнер көрсетті. 1960,1970 жылдар студенттерінің орындауындағы «Армандастар» әні көрерменді сол жылдарға жетелесе, гитараларын мойнына ілген 1980 жылдар студенттері сол кезең әуендерін әсерлі шырқады. Алматы қаласында өткен студенттік кезін еске алған факультет деканы Сабыржан Мұхтаров «Сағындым Алматымды» әнін орындаған сәтте жиналған жұртшылықты бір толқытты. Ауыл шаруашылығы жұмысындағы сәттерін көрсетумен бастаған 1990 жылдар студенттерінің кешке ерекше дайындалғандығы айқын көрінді, көріністерін сол кезең әндерімен көркемдеп, шәкірттерінің ықыласына бөленді.

Одан кейін сахнаға көтерілген 2000, 2010 жылдар студенттері де мерекелік шараға ерекше мән-мағына қосып, кешке жиналған студенттерді өнерлерімен таңғалтты. Кештен ризашылықпен тараған студенттер көңілінде бұл іс-шараның ұзақ сақталатыны анық.