Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Корей тілі» орталығы жұмысын бастады

«Корей тілі» орталығы жұмысын бастады

Университетте Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы «Tongmyong» университетімен бірлестікте ашылған «Корей тілі» орталығы корей тілінің курстық сабақтарын бастады. «Корей тіл» орталығында корей тілі сабақтарымен қатар, каллиграфия, корей тағамдарын дайындап үйрену, дәстүрлі қолөнер  және т.б. қосымша мәдени сабақ түрлері өткізіледі.

«Корей тілі» орталығы Корей тілінің негіздерінен бастап, халықаралық стандарттарға сәйкес тілді еркін игеруге арналған корей тілін оқытудың толық және үздіксіз циклын ұсынады. Бүгінгі күнде (2017ж) Корей тілі орталығы түрлі салалардағы 1000-нан астам студентті: қаланың жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларын, колледж, мектеп оқушыларын, жергілікті мұнай компанияларының қызметкерлерін және қала тұрғындарын корей тілі және корей мәдениетімен таныстырып келді.

Корей тілін үйренуге ниет білдірушілер келесі жылдың қаңтар айының соңы — ақпан айының басында жаңа семестрге тіркеле алатын болады.

Сұрақтар бойынша, мына мекенжай бойынша хабарласыңыз: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Инновациялық технологиялар паркі ғимараты, 3-қабат 25 кабинет.