Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Қазақ әдебиеті» кафедрасының филиалы ашылды

«Қазақ әдебиеті» кафедрасының филиалы ашылды

Жақында Ақтөбе қаласындағы №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясында «Қазақ әдебиеті» кафедрасының филиалы ашылды. Кафедра филиалын құрудағы басты мақсат – кәсіби мамандар дайындауда өндіріспен байланысты нығайту, тәжірибе алмасу.

Филиалдың ашылуында сөйлеген сөзінде «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Мира Балтымова кафедра тарихына шолу жасап, оқу-әдістемелік бағыттағы жұмыстардың жай-жапсарына тоқталды.  Сондай-ақ кафедра филиалымен жұмыс жасау ережесімен және жоспарымен таныстырып, мектеппен байланыстың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, кафедраның профессор-оқытушыларының әдебиеттанудың және әдебиетті оқыту әдістемесінің өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-зерттеу еңбектерін кафедра филиалына тарту етіп, әріптестік байланыстың нығая беруіне тілектестік білдірді. Өз кезегінде №24 лингвистикалық мектеп-гимназия директоры Ғ.А.Ешмухамбетова филиалдың ашылуымен құттықтап, ынтымақтастық байланысты жалғастыруға оң пікірін білдірді.

Алдағы уақытта кафедра филиалдары базасында университет оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің білім беру үдерісінде бірлесе жұмыс  жасау жүзеге асырылатын болады.