Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет студенті Халықаралық этникалық мәдениет фестивалінде өнер көрсетті

Университет студенті Халықаралық этникалық мәдениет фестивалінде өнер көрсетті

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Литва Республикасындағы Витаутас Магнус университетінде білім алып жатқан Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті Маржангүл Жақсылықова Литвадағы Қазақстан қауымдастығы шақыруымен және Қазақстан Республикасының Литвадағы Елшілігінің қолдауымен Халықаралық этникалық мәдениет фестиваліне қатысты.

Фестивальді астаналық мәдени орталықтардың бірі RDKS Rudaminos Daugiafunkcinis Kulturos Centras ұйымдастырды. Қазақ халқының өнерін халықаралық деңгейде паш еткен студентіміз Маржангүл Жақсылықова шетелдік көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ол Қ. Сағырбайұлының «Адай» және «Балапан Қаз» күйін қазақтың киелі домбырасында асқан шеберлікпен орындап берді. Фестиваль соңында Маржангүл Жақсылықова  Мақтау қағазымен және естелік сыйлықпен марапатталды.