Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Филологтар қайырымдылық шарасын өткізді

Филологтар қайырымдылық шарасын өткізді

2017 жылдың 21 қараша күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің филология факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 101, 102-топ студенттері «Жайна» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сауықтыру стационарында қайырымдылық шарасын өткізді.

Шара барысында студенттер балаларға арнап ән салып, би биледі. Сонымен қатар, студенттер «Күлше қыз» ертегісінен көрініс қойып, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады және балаларға арналған қызықты ойындар ұйымдастырды.

Шара кезінде Мекеме басшысы Н.Қ.Жарболова университет студенттеріне мүмкіндігі шектеулі балаларға қуаныш сыйлағаны үшін алғыс білдірді.