Среда, Апрель 24, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Америкалық профессордың дәрісі

Америкалық профессордың дәрісі

Шетелдіктерді Әлия мен Мәншүк туралы тарихымыз қызықтырды. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне екі аптаға келген америкалық профессор Кристоффер Рис қазақтың ұлттық болмысына назар аударыпты. Ол рухани жаңғыру үшін қазақ елінің азаматтарына төл тарихтың өзі үлгі дейді.

Осы бағдарлама аясында бұған дейін Ресей, Жапония мен Венгриядан келген мамандар дәріс берді. Профессор Рис Орталық Азия елдерінде  көп жұмыс жасаған тәжірибелі маман. Саясаттану және тарих ғылымдарының докторы. Ол өз елінде америкалық студенттерге біздің еліміз туралы айтады екен.

КРИСТОФФЕР  РИС, «ШЫҒЫС» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ /АҚШ, ИНДИАНА ШТАТЫ /

— Америка құрама штаттарында саясаттанудан дәріс беремін. Оқыту барысында мен  Орталық азия елдерінің тарихы мен мәдениетіне баса назар аударамын. Әсіресе, сол елдердің тарихи тұлғалары, батырлары  туралы студенттеріме көбірек айтамын. Мысалы, Алия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова туралы деректер өте маңызды. Саясаттанушы ретінде мені ұлттық болмыс, ұлттық сана секілді ұғымдар қызықтырады.

Біздің өңірге сапары кезінде Кристоффер Рис облыстың тарихи орындарын да аралап көрмек. Оның басты мақсаты, ақтөбелік студенттерге білім беру. Профессор қазақ тілін бір кісідей үйреніпті. Онысын мақтаныш етеді.

Профессор Рис қазір  екі курс бойынша сабақ беруді бастап кетті.  Біріншісі  «жаһандану» деп аталады, бұл курс бакалаврларға арналған. Ал, екіншісі магистранттарға араналады және ол «зерттеулердің сапалы әдісі» деп аталды.

Жұлдыз Алмасқызы

источник