Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне мамандандырылған аккредиттеу рәсімін өткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі тарапынан құрылған Сыртқы сарапшылар комиссиясының келуі күтілуде. Аккредиттеу рәсімі 2017 жылдың 28-30 қараша аралығында өтеді. Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілетін мамандықтар:

  • 5В060200-Информатика
  • 5В060600-Химия
  • 6М060200-Информатика
  • 5В030100-Құқықтану
  • 5В050700-Менеджмент
  • 5В051100-Маркетинг
  • 6М051100-Маркетинг
  • 5В010600-Музыкалық білім
  • 5В020700-Аударма ісі
  • 5В040900-Хореография.

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУ – университеттің жекелеген білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден өткізу рәсімі. Мамандандырылған аккредиттеу дегеніміз білім сапасын бағалаудың ішкі жүйесіне қолдау көрсету және сапа бағалаудың арнайы сыртқы рәсімін өткізу болып табылады. Аккредиттеуден өткен мамандықтың академиялық бағдарламасы сыртқы сараптау органы тарапынан ресми мойындала отырып, аккредиттеу өткізетін орган үшінші тараптарға аккредиттелген бағдарламаның білім беру өнімі «сенімге тұрарлық» екендігі жөнінен кепілдік береді.

Мамандандырылған аккредиттеуді 2011 жылы құрылған, ҚР Білім және ғылым министрлігінің аккредиттеу агенттіктер тізіліміне, сонымен қатар 2017 жылдың маусым айында агенттіктердің Білім беру сапасының кепілдігі жөніндегі Европалық тізіліміне (EQAR) енгізілген Аккердиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) жүргізеді.

АРТА тарапынан мамандандырылған аккредиттеу рәсімін жүргізетін Сыртқы сарапшылар комиссия құрамы бекітілді. Олар:

  1. Комиссия төрағасы – Пак Юрий Николаевич, т.ғ.д., Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің профессоры (Қарағанды қ.).
  2. Шетелдік эксперт – Тайиров Миталип Муратович, ф.-м.ғ.д., Баткен мемлекеттік университетінің профессоры (Қызыл-Қыя қ., Қырғызстан Республикасы).
  3. Шетелдік эксперт – Вязьмин Юрий Николаевич, п.ғ.к., профессор, Л. және М. Ростроповичтер атындағы Орынбор мемлекеттік өнер институты, Қосымша кәсіби білім беру мен инновациялық технология орталығының директоры, Ұлттық аккредитациялық орталығының кәсіби білім саласындағы эксперттер Гильдиясының эксперті (Орынбор қ., РФ).
  4. Эксперт – Аубакирова Жанара Яхияевна, э.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жоғары мектеп экономикасы кафедрасының профессоры (Алматы қ.).
  5. Эксперт – Кулахметова Мергуль Сабитовна, филол.ғ.к., С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің доценті. (Павлодар қ.)
  6. Эксперт Татаринова Лола Фуркатовна, қ.ғ.к., «Тұран» университетінің доценті (Алматы қ.).
  7. Эксперт – Дуйсембиев Марат Жолдасбекович, х.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті (Астана қ.).
  8. Эксперт – Кокшинова Светлана Юрьевна, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық хореография академиясы педагогика факультетінің деканы. (Астана қ.)
  9. Работодатель – Кунанова Дамиля Бахиткереевна, Ақтөбе облысы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің жетекшісі (Ақтөбе қ.).
  10. Студент – Баймағанбетова Айдана Саматқызы, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің 3 курс студенті (Ақтөбе қ.).
  11. Студент – Тыныштық Ақдана Бөлтекқызы, С.Бәйшев атындағы АУ 4 курс студенті (Ақтөбе қ.).
  12. Студент – Башимова Мөлдір Асқарқызы, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің 3 курс студенті (Ақтөбе қ.).
  13. АРТА бақылаушысы – Ниязова Гулияш Балкеновна, АРТА институционалды және мамандандырылған аккредиттеу жүргізу жобасының жетекшісі (Астана қ.).