Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жаңа хореография залы ашылды

Жаңа хореография залы ашылды

Университетте жаңа хореография залы ашылды.  Енді болашақ хореографтар жаңа да жарық залда кәсіби шыңдалатын болады.  Хореография пәнінің оқытушысы, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер  Гүлнара  Мамбетова «Енді сабақтардың осындай әдемі, кең залда өтетініне өте қуаныштымын. Қазір хореография маманына сұраныс көбейді. Себебі қалада мемелекеттік және жеке мектептерде, жоғары оқу орындарында би ұжымдары бар. Олардың бәріне бізде дайындалатын мамандар барады».-дейді.

 

Алғашқы түлектер 2015 жылы бітіріп шығыпты.  Бүгінде мамандықта 17 студент оқиды. Олар еліміздің батыс аймақтарынан жиналған жастар.

Жаңа би залының ашылу салтанатына университетте «Қазақстандағы және шетелдегі қазіргі музыкалық білім» тақырыбында  өткен  халықаралық семинарға қатысушы, педагогика ғылымдарының докторы, Н.Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеу университетінің профессоры Инга Рахимбаева мен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева, университет ректоры Бауыржан Ердембеков қатысты.