Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Хабарландырулар > Құрметті оқытушылар, магистранттар мен студенттер!

Құрметті оқытушылар, магистранттар мен студенттер!

28.11 – 05.12.2017

2017 жылдың 28 қарашасы мен 5 желтоқсаны аралығында өтетін ғылыми жұмыстарға арналған Web of Science платформасының және басқа да ресурстардың жұмысына қатысты онлайн-семинарлардың келесі сериясына қатысуға шақырамыз.

— Мақалаларды және есептерді дайындау барысында біздің ақпараттық ресурстарымыздың қандай функциялары сізге тиімді? — Өз пәніңіздің аумағындағы ең маңызды және ықпалды жарияланымдарды қалай табуға болады? — Халықаралық журналда жариялау процесі қалай көрінеді? — Ғылыми мақалаларға қандай талаптар ұсынылады? – Бір мекеменің барлық жарияламаларын қалай табуға болады? — Мекеменің жарияламалау белсенділігін қалай бағалауға және ұқсас бағыттағы мекемелермен оның тиімділігін қалай салыстыруға болады?

Сізге, ғылыми қызмет үшін Thomson Reuters-тың базалық және кең мүмкіндікті ақпараттық ресурсына арналған семинарлары қол жетімді.

Барлық семинарлар тегін және орыс тілінде жүргізіледі. Әр семинар шамамен 1 сағат өтеді.

Сіз http://wokinfo.com/russian/training/  сайты арқылы  толық ақпаратпен таныс бола аласыз, сонымен қатар қажетті семинарға тіркелесіз.

                                                                                                                                             КІТАПХАНА