Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Брюссельде қазақстандық ғалымның монографиясының тұсауы кесілді

Брюссельде қазақстандық ғалымның монографиясының тұсауы кесілді

Брюссельде қазақстандық профессор Айсұлу Тасимованың «Білім беруді жаңғырту» атты ғылыми монографиясының тұсауы кесілді.

Ғылыми жұмыс халықаралық бағдарламалар мен жобалар аясында білім берудегі реформалар және Қазақстан білім беру жүйесінің әлемде алатын орнына арналған. Сондай-ақ монографияда «Болашақ» бағдарламасы арқылы оқыған студенттердің алған білімініне қатысты жасалған сараптама қорытындылары да бар. Және де Айсұлу Тасимова Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі елдегі этномәдени жағдайын кеңінен талдаған. Оның кітабын КОНКОРД халықаралық академиясы басып шығарған.

Айсұлу Тасимова, Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің профессоры:

— Бұл монографияда соңғы жиырма жылдың ішіндегі біздің Қазақстан білім беру жүйесіндегі жаңғырулардың барлығы өзінің көрінісің тапқан. Оны теориялық тұрғыдан ғана емес, әріптестік тұрғыда немесе өзімнің осы Еуропа елдерің аралаған кезде жаңағы сәттерді жинаған мағлұматтардан, сонымен қатар біздің жоғары оқу орындарының қазіргі уақыттағы өркениетке байланысты қалай дамып келе жатқаның туралы біраз әнгімілерді қозғағанмын.

Петер Ван дер Хижден, Еурокомиссияның жоғарғы білім бөлімінің бұрынғы басшысы:

— Қазақстан мен Еуроодақ білім беру саласында қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр, екі жақтың ортақ жобалары мен бағдарламалары бар. Дегенмен де серіктестігімізді әлі де нығайта түсуіміз керек. Бұл Франция, Испания және Қазақстан үшін де өзекті мәселе. Бір-бірімізден үйренеріміз көп. Латын қарпіне көшу қазақ тілін меңгеруді жеделдететіні сөзсіз.

источник