Среда, Февраль 19, 2020
Басты > Жаңалықтар > Қазақтың салт-дәстүрін дәріптеген кеш (Фоторепортаж)

Қазақтың салт-дәстүрін дәріптеген кеш (Фоторепортаж)

Биология кафедрасының оқытушысы Ақерке Каированың ұйымдастыруымен биология мамандығының 1-курс студенттері арасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы рухани құндылықтарды жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Қызым – қызғалдағым, ұлым — ізгі арманым» тақырыбында тәрбиелік шара өткізілді.

Ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлері, әдет ғұрыптарын студенттер өте әсерлі көріністермен жеткізе білді. Сондай-ақ, қазақ халқының қыз балаға және ұл балаға тән мінез-құлқы, әдептілік, қыз бен жігіт арасындағы мөлдір сезім осы кеште көрініс тапты. Кеш ұйымдастырушысы Ақерке Тлеуниязқызының айтуынша, қазақтың батырларына тән ер мінезділік пен қазақ қызына тән ұяңдықты, парасаттылықты жастардың бойына сіңіру үшін осындай тәрбиелік шаралар жиі өткізілуі керек.

Қазақтың бозбаласы мен бойжеткені

Олжас Сағындықовтың орындауында Абайдың әні «Көзімнің қарасы»

«Абысын тату болса ас көп». Абысын-келін арасындағы сыйластық

Ене мен келін арасындағы байланыс

Қазақтың «Құда түсу» рәсімі

Қазақтың «Сырға салу» рәсімі