Среда, Октябрь 17, 2018
Басты > Хабарландырулар > Құрметті әріптестер, профессор-оқытушылар құрамы оқу-әдістемелік бөлім әдістемелік жобалар байқауын өткізеді

Құрметті әріптестер, профессор-оқытушылар құрамы оқу-әдістемелік бөлім әдістемелік жобалар байқауын өткізеді

20.12.2017-08.01.2018

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-дің жағымды имиджін қалыптастыру мен оқыту сапасын жетілдіру формаларының бірі болып табылатын әдістемелік жобалар байқауы оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында үздік әдістемелік жобаларды оқу процесіне енгізу болып табылады.

Байқау 3 кезеңнен тұрады:

— дайындық кезең: 20.12.2017 — 08.01.2018ж. Әдістемелік жобалар байқауының тұсау кесер таныстырылымы (презентация) үшін байқау материалдарын қабылдау;

— іріктеу кезең: 09.01 — 12.01.2018ж. 10 үздік байқау материалдарын іріктеу және сараптау;

— қорытынды кезең: 26 қаңтар 2018ж іріктелген жұмыстардың презентациясы өткізіледі, жүлделі орындарды анықтау және байқау қорытындысы шығару.

Байқау тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және ғылыми-педагогикалық тәжірибені еңгізу мен игеру сабақтастығын ұштастыру мақсатында пәнді оқыту әдістемесі негізінде екі категория бойынша ұйымдастырылады:

  • педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан 10 жылға дейін;
  • педагогикалық жұмыс өтілі 10 жылдан жоғары.

Байқаудың қорытындысын шығару: Презентация (таныстырылым) кезіндегі қазылар  алқасы қойған балдың және сараптау комиссиясының іріктеу кезеңіндегі ұсыныстарының жалпы саны бойынша қабылданған әдістемелік жобалар  байқауының қорытынды шешімі шығарылады.

Қазылар алқасы байқауды қорытындылау нәтижесін жариялап, жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сонымен қатар ынталандыру номинацияларының лауреаттарын  атайды.

Байқаудағы жүлдегерлер саны:

1 орын – 1 адам;

2 орын – 2 адам;

3 орын —  3 адам.

Ынталандыру номинациялары: «Көшбасшы әдіскер», «Жаңашыл оқытушы».

Әдістемелік жобалар байқауын ұйымдастыру мен өткізуді оқу-әдістемелік бөлім  қамтамасыз етеді. Әдістемелік жобалар байқауын өткізу ережесі университеттің www. arsu.kz  сайтында және оқу-әдістемелік бөлімде танысуға болады.

Оқу-әдістемелік бөлім

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.