Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қазан қаласында жеңімпаздарды анықтады

Қазан қаласында жеңімпаздарды анықтады

Ағымдағы жылдың 28-30 қараша күндері Лев Толстой атындағы Қазан федералды университетінің филология және мәдениетаралық коммуникация институтында «Халық қазынасы» атты фестивалі  өтті.

Фестивальға Чуваш, Удмурдия, Башқұртстан, Молдова, Татарстан республикасының 17  жоғары оқу орындары қатысты.  Сондай-ақ,  аталмыш шараға  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің  «Дизайн» кафедрасының аға оқытушысы, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Ю.Н.Кузнецованың басқаруымен «Дизайн» мамандығының 3-4 курс студенттері қатысты.

Дизайнер-студенттер өздерінің этностилде орындалған графикалық және сәулеттік жобаларын ұсынды. «Дизайн» номинациясы бойынша 4 курс студенті Анастасия Борзенкова II орынға ие болды.  Фестивальде студенттер командасына  арнайы «Кубок» сыйы тапсырылды.

Ынтымақтастықты  одан әрі нығайту үшін, жоғары оқу орындар арасында меморандум  жоспарлануда және 2018 жылы «ТОЛСТОЙ – ЖҰБАНОВ FEST» студенттік дизайн-фестивалін өткізу мақсатында қосымша келісім-шарт жүргізілуде.