Вторник, Март 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Сапарбаев CNPC компаниясына индустриялды жобаларға бөлінетін инвестицияны арттыруды ұсынды

Сапарбаев CNPC компаниясына индустриялды жобаларға бөлінетін инвестицияны арттыруды ұсынды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат — Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қытайға жұмыс сапары кезінде China National Petroleum Corporation (CNPC) басқарма төрағасы Ван Илиньмен кездесті, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Кездесу кезінде екі жақ Қазақстандағы CNPC компаниясының инвестициялық және шаруашылық қызметін талқылады.

«Қазақстанға сапарыңыз кезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасына инвестиция салған компанияға алғысын білдірді. Сонымен қатар, «Пекин-Палас» және Астана хореография академиясы құрылысы кезінде әлеуметтік сұрақтардың шешімі табылды. 20 жыл ішінде компания тек Ақтөбе облысына 20 миллион доллар көлемінде инвестиция салды. Таяуда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келіп, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ салған «Өнер орталығын» қарап шығып, ризашылығын білдірді. Ақтөбе облысындағы СНПС компаниясы қызметінің кеңеюіне, кен орындарында геологиялық барлау жұмыстарының  жүргізілуіне байланысты біздің өңірімізге салынатын инвестиция көлетін арттыруды жөн деп санаймыз», — деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы CNPC компаниясына мұнай-газ саласынына қажетті қосалқы бөлшектер мен құрал-жабдықтар шығаратын бірлескен кәсіпорын жұмысын жандандыруды ұсынды. Бұл кәсіпорын мұнай мен газды өңдеу және өзге де индустриялды жобаларды арттырып, импорттық тауарларға сұранысты төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өңірдің өндірістік қабілеті артады.

«CNPC компаниясының әлеуметтік жауапкершілігі туралы да айта кеткен жөн. Келер жылы сіздің компаниямен бірге тағы бірнеше әлеуметтік жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Мәселен, Ақтөбе қаласынан Қазақстан мен Қытай арасындағы достықты паш ететін саябақ салуға болады. Сонымен қатар, Жастар орталығы да қажет. Бұл өскелең ұрпақ үшін игі іс болар еді», — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Ван Илинь Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты мұқият тыңдап, 20 жыл ішінде CNPC компаниясы Қазақстанға 15 миллиард доллар салық төлемдерін аударғанын жеткізді. Сонымен қатар, әлеуметтік жобаларды іске асыруға 150 миллион доллар көлемінде қаржы бөлді.

«Біз Қазақстан мен Қытайдың, соның ішінде Ақтөбе облысы тұрғындарының сенімді серігі болуға дайынбыз. Ал құрал-жабдық пен қосалқы бөлшек шығарушы компаниялар арасындағы қарым-қатынасқа келер болсақ, қазақстандық кәсіпорындарды қолдауға, олардың ұсыныстарын қарауға дайынбыз», — деді ол.

Айта кетейік, кеше екіжақты кездесу кезінде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Tianjin Bohua Petrochemical қытайлық корпорациясы табиғи газдан полиэтилен және полипропилен шығаратын зауытты салуға 4 миллиард доллар инвестиция салуға дайын. Ал Kazakhstan Potash Corporation компаниясы калий тұзы зауытын салады.

Зауыт құрылысы кезінде «Nuctech» компаниясының жоғары технологиясы пайдаланылады. «Xuefeng» және «Norinco International» компаниялары жарылғыш заттар және аммиакты селитра шығаратын зауыт құрылысын жүргізеді. Бүгін Ақтөбе облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, 4 меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, Пекинде  «Kazakh Invest» ҰК» АҚ қолдауымен Ақтөбе облысы әкімдігінің өкілдігі ашылды. Бұл облысқа инвестиция тартуға, экспорт көлемін арттыруға бағытталған жұмыс.

Бердібек Сапарбаев Sinopec Group мұнай-газ компаниясының, Қытай мұнай университетінің басшыларымен, Қытайда білім алып жүрген студенттермен кездесті. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университеті мен Қытай мұнай университеті арасында өзара келісім меморандумына қол қойылды.

источник