Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Бейжіңде Ақтөбе облысының өкілдігі ашылды

Бейжіңде Ақтөбе облысының өкілдігі ашылды

Ақтөбе облысы Қытай халық республикасымен индустриалды, өндірістік және білім беру салаларында өзара тиімді әріптестік ауқымын кеңейтті. Сәйкесінше келісімдер облыс әкімі Бердібек сапарбаевтың аспан асты еліне сапары кезінде мүмкін болды.

Ақтөбе облысының Бейжіңде инвестициялар тарту және экспортты дамыту бойынша өкілдігінің ашылуы іс сапардың ең ұтымды тұсы болды.

Өкілдіктің ашылу салтанаты кезінде қытайдың 150-ден астам компаниясының басшылары қатысқан бизнес-форум өтті. Нәтижесінде 4 меморандумға қол қойылды. Құжат Ақтөбе облысында мұнайгаз саласына арналған химиялық өнім өндірісіне, геофизикалық, сейсмологиялық барлау жұмыстары үшін электрондық құрылғы, бұрғылау құралдарын шығаруға негізделген. Сондай-ақ, қуаттылығы тәулігіне 2 мың тонна цемент зауытының құрылысын басталады. Бұдан бөлек, іс сапары барысында Бердібек Сапарбаев ірі қытай компанияларының басшыларымен кездесті.

Бейжіңде өңір басшысы Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының (CNPC) төрағасы Ван Илинь мырзамен кездесіп, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Кездесу екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға ықпал етеді. Әсіресе, бұл Қазақстан мен Қытай көшбасшыларының «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында маңызы зор. Бердібек Сапарбаев 2018 жылы Ақтөбеде салынатын достық саябағы мен жастар сарайының құрылысына қаржы бөлу, сонымен қатар, әлеуметтік жауапкершілік аясындағы міндеттерді жалғастыру туралы ұсыныстар білдірді. Сондай-ақ, облыс әкімі «Sinopec Group» компаниясының басшылығымен кездесіп, кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақы деңгейін көтеру, Ақтөбе облысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру сұрақтарын талқылады. Бұдан басқа, өңір басшысы Қытай мұнай университетінде болып, қазақстандық студенттермен кездесті. Оқуды бітіріп, елге оралғаннан кейін жұмысқа орналасуға мол мүмкіндік барып айтты.

Кездесу соңында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемелкеттік университеті мен Қытай мұнай университеті арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Құжатты жоғары оқу орындарының ректорлары Бауыржан Ердембеков пен Чжан Лайбинь бекітті. Бұл профессорлық-оқытушылық құрамның, студенттердің, магистранттардың және аспиранттардың тәжірибе алмасуын, ғылыми-әдістемелік матиралдармен бөлісуді көздейді. Жалпы жұмыс сапары барысында Ақтөбе облысы мен Қытай халық республикасы арасында 6,5 миллиард долларға 6 келісім жасалды.

Айгүл Байменова

источник