Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Ақтөбе-Конфуций» журналының кезекті басылымы шығарылды

«Ақтөбе-Конфуций» журналының кезекті басылымы шығарылды

2013 жылдан бастап редакция қазақ және қытай тілдерінде «Актөбе-Конфуций» журналын шығарып келеді. Журнал Қазақстан және Қытайдың білім беру саласы, мәдениеті мен әләуметтік өмірі жөнінде тоқсан сайын шығарылатын мәдени-танымдық басылым болып табылады.

Журналдың 2017 жылғы кезекті №11 басылымында университет пен жергілікті компаниялар арасындағы меморандумға қол қою салтанаты туралы, Синьцзян қаржы -экономикалық университеті басшылығымен кездесу, Британдық Би-Би-Си телерадиокорпорациясы тілшілерінің сұхбаты, Пекиндегі Қытай Байланыс және коммуникация университеті профессорының сапары, Конфуций институты ұжымының Астанадағы ресми іс – сапары және «Астана Экспо – 2017» көрмесіне қатысуы, Қазақстан – Қытайдың белгілі киноактерлері жайында және Конфуций институтында өткізілген шаралары туралы баяндалған.

Сондай-ақ, осы нөмірде оқырмандар назарына Конфуций институтының түлегі —  Қытайдағы ән айту «SING CHINA» атты байқау жобасының қатысушысы Әлинұр Сұлтанбаев  туралы да ақпарат ұсынылып отыр7