Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Кафедра филиалдарында сабақ өткізу басталды

Кафедра филиалдарында сабақ өткізу басталды

Дуалды оқыту жүйесі маман дайындауда тиімді бағыттардың бірі. Осы мақсатта Жұбанов университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасының филиалдары №24 лингвистикалық мектеп–гимназия мен Новый орта мектебінде 4 курс студенттері үшін  қазақ әдебиеті пәнінен сабақ өтті. Кафедра филалдарының сабақтары 2 күнге созылды және олар 6-7 кластарда өткізілді.

Сабақтарға мектеп директорларының орынбасарлары, бірлестік жетекшілері, жас мамандар мен кафедраның аға оқытушысы С.Ж.Тәшімбаева қатысты.

Аталған шараны ұйымдастырушы, әдіскер оқытушы  Г.К.Тәңірбергенова сабақтың әр кезеңін студенттерге түсіндіріп, пән мұғалімдерінің сабақ өткізу тәсіліне, қолданған әдістері мен технологияларына талдау жасады. Сонымен қатар, жаңа сабақты түсіндіру мен қорытындылау бөлімінде оқушылармен жұмыс жасады.

Алдағы семестерде педагогикалық тәжірибеге баратын студенттер үшін дуалды оқытудың оқу үрдерісіне енгізілгені дұрыс екендігін және оның дәстүрлі жалғасының болу қажеттігін мектеп әкімшілігі де, кафедра оқытушылары да қолдап, мақұлдады.