Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шын жүректен құттықтаймыз!

Шын жүректен құттықтаймыз!

Жұбанов университетінің «Педагогика, психология және бастауышта оқыту» кафедрасының  оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Сейтенова  Салима  Сағынқызы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің ғылыми байқауына қатысып, жеңімпаз атанды.

Ол байқауға «Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту әдістері» атты монографиялық еңбегін ұсынған болатын. Салима Сағынқызы аталмыш байқаудың Ақтөбе облысы бойынша жалғыз жеңімпазы. Университет ректораты және оқытушы-професорлар құрамы, барша білім алушылар Салима Сағынқызын қуанышымен құттықтап, елеулі еңбегіне табыстар тілейді!