Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Гуманитарлық зерттеулер институтының қызметкерлері қобдаға барды

Гуманитарлық зерттеулер институтының қызметкерлері қобдаға барды

Жұбанов университетінің Гуманитарлық зерттеулер институтының қызметкерлері Қобда ауданына іссапармен барып, кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізіп келді.

Кәсіби бағдар беру жұмысы барысында аудандағы Қобда гимназиясы мен Қобда қазақ орта мектебінің 11 класс оқушыларымен, мектеп директорлары және мұғалімдермен кездесу ұйымдастырылды. Институт директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Алпысбай Мұсаұлы Мұсаев мектеп бітірушілерге Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің материалдық-техникалық базасы, мамандықтар, гранттық қаржыландыру мен оқу ақысындағы жеңілдіктер және университеттің халықаралық байланысы жөнінде толыққанды мәлімет беріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, ордалы оқу орнының артықшылығы мен жаңалықтарынан хабар. Кездесуге қатысушыларға “Ақтөбе университеті” газеті мен ақпараттық қағаздар таратылды. Сонымен қатар, Алпысбай Мұсаұлы университет ректорының атынан университет пен аудан мектептері арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін Алғыс хатын Қобда қазақ орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалиева Қарлығаш Рақымқызына табыс етті.