Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Апталық «Ұлттық бірегейлікті сақтау» тақырыбында өтті

Апталық «Ұлттық бірегейлікті сақтау» тақырыбында өтті

Жаратылыстану факультетінде Елбасының Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағыты бойынша апталық өтті.

Апталық аясында «Үлкенге ізет, кішіге құрмет» тақырыбында факультеттің тәжірибелі оқытушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Қыз бала тәрбиесі оның болашағын қалыптастырудағы рөлі туралы айтылды. Сонымен бірге ұлт болашағын қыз бала тәрбиесімен байланысты екендігі айтылды. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, шара өз мақсатына жетті.

Апталықтың екінші күні факультетіміздің хас сұлулары арасында «ФАКУЛЬТЕТ АРУЫ» байқауы өтті. Байқауға факультетіміздің ақылы мен көркі үйлескен сұлу қыздарымыз қатысты. Байқау таныстыру, өнер сайысы, білгенге маржан (сұрақ — жауап), сұлулық сыры жəне тағаммен таңқалдыр сайыстарынан тұрды. Байқау барысында аруларымыз жан дүниесіндегі көркемдік талғамымен қатар, халқымыздың салт дəстүріне сай инабатты, ақылды, əдепті қыз балалар екендігін көрсете білді. Байқау нəтижесі бойынша жүлделі бірінші орынды Биология мамандығының студенті Алшынбаева Айкерім иеленсе, екінші орынды Биология мамандығының 1 курс студенті Ыбырай Саяжан иеленді, үшінші орынға Экология мамандығының 1 курс студенті Казиева Жеміс ие болды. Байқау соңында жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқау қызықты да тартысты өтті.

«Ұлттық бірегейлікті сақтау» апталығының аясында əйгілі ғалым Ахмет Жұбановтың қызы биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Жұбанова Ажар Ахметқызымен кездесу өтті. Кездесу барысында Ажар Ахметқызы əкесі және бауырлары туралы əсерлі əңгімелеп берді. Студенттердің бірі Қ.Жұбановқа арналған өлеңін оқыса, енді бірі Қарлығаш əнін керемет орындады.

Сонымен бірге апталық аясында №1 жатақханада Жаратылыстану факультетінің аға кураторлары Жакупова Гүлмира Жалғасбайқызы мен Тажекенова Салтанат Мұхтарқызының ұйымдастыруымен «Тәні саудың жаны сау» тақырыбында 1 желтоқсан дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне орайластырылған спорттық сайыс өтті. Сайыс үш турдан тұрды: таныстыру, шариктер эстафетасы және күш сынасу. Сайысқа жатақхана студенттерінен құралған «Жалынды жастар» және «Болашақ» командалары қатысты. Екі топ та белсенді өнер көрсеткенімен «Жалынды жастар» тобы жеңіске жетті. Сайысқа төрелік еткен декан орынбасары Туралин Б.А., Химия және химиялық технология кафедрасының аға оқытушысы Г.К.Бекетова және жатақхана студенті Н.Н.Биекенова. Жатақхана студенттері сайысқа үлкен жауапкершілікпен дайындалып, белсенді қатысты. Сайыс өте тартыс да қызықты өтті.

Апталық аясында 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне орай «Ел таңдаған Елбасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде Елбасымыздың тәуелсіздік жылдарындағы ерең еңбегі, жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы президентіміздің өмірі, отбасы, сонымен бірге Елбасымыздың бастамасымен қабылданған стратегиялар мен ұлт жоспарлары туралы көптеген мәліметтер айтылып,талқыланды. Шара барысында профессор-оқытушылар мен студенттер арасында жақсы пікір алмасу болды.