Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > «START-UP-2017» жобалар конкурсының шешуші сәті таяу

«START-UP-2017» жобалар конкурсының шешуші сәті таяу

Университет ғылыми-жұмыстарының жоспарына сәйкес жыл сайын университетімізде ғылыми бағытта конкурстар ұйымдастырылып, өткізіліп отырады.

Соның бірі биыл алғаш рет ұйымдастырылған «START-UP-2017» жобалар конкурсы. Конкурсты ағымдағы жылдың 1 қарашасы мен 15 желтоқсан аралығында үш кезеңге бөліп өткізу жоспарланды.

Бірінші кезең бойынша байқау факультеттерде өткізіліп, 43 үздік жобалар факультет кеңесінің отырысында екінші кезеңге ұсынылды.

24 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Ғылыми техникалық кеңес және жас ғалымдар кеңесінің мүшелерінен құралған комиссия үшінші кезеңге іріктеу өткізді. Бірінші кезеңнен өткен 43 жоба бойынша 36 жоба қорғалып, комиссия шешімімен 16 жоба үшінші шешуші кезеңге жіберілді.

Комиссия мүшелері енді байқаудың жеңімпаз жобаларын анықтайтын болады.