14.12.2017
Университетімізде 14 желтоқсан күні халықаралық ынтымақтастық аясында «Дизайн» және «Бейнелеу өнері және кәсіптік оқыту» кафедраларының ұйымдастыруымен Польшалық суретші Казимеж Бабкевичтің графикалық жұмыстарының көрмесі өтеді.
Казимеж Бабкевич – Польша суретшілер одағының мүшесі, оның 70-тен астам жеке және 100-ден астам топтық көрмелері Германия, Булгария, Ресей, Дания елдерінде ұйымдастырылған. Казимеж Бабкевичтің әртүрлі техникалармен пейзаж, натюрморт, портрет, сатира, экслибрис жанрларында салынған суреттері бар.
Көрменің кураторы Марзия Жақсығарина.
Өтетін орны: Бас ғимарат. 1 этаж, 123 аудитория. Сағат 11:00